Хабиева Алмагүл Алтайқызы 1975 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1997 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің қазақ филологиясы факультетін бітірді. 2006 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты аспирантурасының күндізгі бөлімін бітіргеннен кейін – кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, ғалым хатшы қызметтерін атқарып келді. 2007 жылы «Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымдағы коннотаттық компоненттер» тақырыбы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясын қорғады. Хабиева А.А. – зерттеу жұмыстары мен ұстаздық қызметін қатар атқарып келе жатқан маман. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бірлескен білім беру бағдарламаларының магистратура, докторантура бөлімдерінде (2014 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін) «Прагмалингвистика», «Ареалдық лингвистика», «Дискурсивтік лингвистика», «Жазу теориясының негіздері», «Тіл және ойлауды когнитивтік тұрғыдан зерттеу», «Лингвоелтанымдық зерттеулер», «Лингвофилософия» пәндері бойынша арнайы курс жүргізіп келеді. Қазіргі кезде «Лингвистика» мамандығы бойынша білім алып жатқан докторантқа ғылыми жетекшілік етеді. 1 авторлық монография (Қазақ поэзиясы тіліндегі мәдени коннотация (2017 ж.), 5 ұжымдық монография (Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі (2011 ж.), Ахмет Байтұрсынұлы (2013 ж.), Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы (2016 ж.), Жаңа ұлттық әліпби: қазақ жазуын жаңғырту /ғылыми-тілтанымдық зерттеу/ (2017 ж.), Қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық негіздері (2023 ж.); 3 сөздік (Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі (2016 ж.), Махамбет Өтемісұлының бейнелі сөздер сөздігі (2017 ж.), Мағжан Жұмабаевтың бейнелі сөздер сөздігі (2017 ж.); 2 әдістемелік құрал (Начальный курс казахского языка для делового общения (2009 ж.), Жаңа емле. Оқу-әдістемелік құрал (2019 ж.); 1 авторлық куәлік (Қазақ тілінің тіркесімдер сөздігі (кирилл және латын графикасы бойынша), 2020 ж.); 18 ғылыми-зерттеу жоба авторларының бірі; 80-нен астам мақала авторы. ҚР ҒЖБМ БҒССҚК ұсынған басылымдар тізіміне кіретін «TILTANYM» журналының жауапты редакторы. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» (2016 ж., 2017 ж., 2024 ж.), «Алғысхатымен» (2018 ж.), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2024 ж.) марапатталды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Пушкин ат.БҚГум.инст.
Жоғары
1997

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.04.2008
Қызығушылығы